Атырау, 1 мамыр 07:53
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Утильалым: ӨКМ Операторы орнына жаңа мекеме құрылып, коэфицент қайта қаралады

1 248 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «ӨКМ Операторы» ЖШС орнына жаңадан мемлекеттік оператор құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәдеге жарату төлемі түрінде түскен ақша қаражатының көлемі 691,9 миллиард теңгені құрады. Алынған қаржы қаражаты ҚР қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес жұмсалады. Атап айтқанда, отандық автоөндірушілерге 338,9 миллиард теңге мөлшерінде кәдеге жарату төлемі түрінде бұрын төленген қаражат қайтарылды. 102 миллиард теңге экологиялық мәселелерді шешуге және 49,1 миллиард теңге салық салуға бағытталды. Қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде жатыр және 220,6 миллиард теңгені құрайды», - деді Брекешов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құрады. Өнеркәсіпті дамыту қоры базасында, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарап, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесін пысықтайды.

12 қаңтар 2022, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған