Атырау, 1 мамыр 12:47
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды

1 469 просмотра

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ақшолақов Болат Оралұлын ҚР энергетика министрі қызметіне тағайындауға қаулы етемін», - делінге Президенттің Жарлығында. 

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.

2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап - "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

"Құрмет" орденімен марапатталған. 

11 қаңтар 2022, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.