Атырау, 18 мамыр 03:37
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Президент Тоқаев экология министрін қабылдады

1 557 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен даму перспективалары, сондай-ақ Жолдау аясында берілген тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді.

Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар мен су саласын дамыту жоспары туралы баяндады. 2025 жылға дейінгі "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында еліміздің 6 облысында жалпы құны 1,7 миллиард теңге болатын 9 суқоймасы салынады. Сондай-ақ, Су шаруашылығы комитетінің, аумақтық бассейндік инспекциялардың қызметін күшейту көзделеді.

Кездесу барысында геология саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша, жер қойнауына жүргізілетін мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жандандырылып жатыр. Шамамен 684 шаршы шақырым жер қойнауын зерттеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ұлттық геологиялық қызмет құрылады.

Президентке ауқымды көгалдандыру жұмыстары жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы есеп берілді. Серікқали Брекешев биыл 62 мың гектар жерге 130 миллион көшет егілгенін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

24 желтоқсан 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.