Атырау, 3 мамыр 12:22
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Мамин шекара маңындағы өңір әкімдеріне тапсырма берді

955 просмотра
Сурет: Sputnik/Александр Астафьев

Премьер-министр Асқар Мамин шекаралас елдерде індеттің өршуіне байланысты өңірлерге эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол қазір елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Инфекциялық ауруханаларда төсек-орындардың 30%-і, ал реанимациялық орындардың 25%-і бос емес.

"Қызыл аймақта" екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр, "сары" аймақта – 4 өңір, "жасыл" аймақта – 11 өңір.

"Дегенмен вирустың таралу деңгейі шекаралас мемлекеттерде өскенін ескерсек, санитарлық талаптар жаппай сақталуға тиіс. Әсіресе, шекара маңындағы өңірлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауы қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр кеше, 22 қарашада барлық өңірде қайта вакциналау науқаны басталғанын еске салды.

Ревакцинация үшін вакцина қоры жеткілікті, деп сендірді Мамин.

Ол әкімдерге вакциналарды сақтау мен тасымалдау режимін қамтамасыз ету мәселелерін жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

23 қараша 2021, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.