Атырау, 3 мамыр 10:38
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Алматы облысында су шайған бөгет 454,8 миллион теңгеге жөнделіп, биыл іске қосылған

1 351 просмотра

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінің жанында кеше, қарашаның 21-і түнде бұзылған "Княжевский" су қоймасы биыл ғана пайдалануға берілген. Бұл ақпаратты Жамбыл ауданының әкімдігі таратты.

Әкімдік хабарына қарағанда, "Книжевский" су қоймасы 2019 жылы 454,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Ал оның алдында, су қоймасын күрделі жөндеуге арналған арнайы жоба жасау үшін 28,1 миллион теңге бөлінген.

Шайылған су қоймасына келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаевтың сөзінше, су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген "Қарабұлақ" ЖШС екі жылға кепілдік берген, "сондықтан қайта қалпына келтіру шығындарын "Қарабұлақ" ЖШС өз мойнына алуға тиіс".

Ақниет Тұматаевтың айтуынша, бөгетті су шайғаны туралы хабар түнгі сағат он бір шамасында түсіп, арнайы техника мен құтқару күштері жұмылдырылған. Төңіректегі ауылдарға қауіп төнбеген, бөгет жанындағы жол үстімен су жүрген.

"Книжевский" су қоймасының бөгетін су шайғаны туралы алғашқы ақпаратты бүгін таңертең Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан.

"Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігі бөгетті шайып өткен су тасқыны Қарғалы өзені бойында тұрған, қараусыз қалған үй жануарларына арналған "Белый бим" қорасын жартылай бұзғанын, жануарларды құтқарушылар мен еріктілер қауіпсіз жерге шығарғанын хабарлаған болатын.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметіне қарағанда, 4,47 миллион текше метр су жинайтын бөгет жартылай толып тұрған.

Дереккөз: Azattyq.org

22 қараша 2021, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.