Атырау, 3 мамыр 15:51
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

ҚФФ Азамат Айтхожин қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

1 291 просмотра
Азамат Айтхожин. Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бас хатшы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір ақпарат көздері ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кететіні туралы ақпарат таратты. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азамат Серікұлы жұмысын әдеттегідей жалғастырады", - делінген ҚФФ хабарламасында.

Сондай-ақ, ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми дереккөздерге сенуге және федерация сайтындағы, әлеуметтік желілердегі ресми парақшада жарияланған ақпаратты бақылауға шақырады.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан жолдастық кездесуде Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңіп, оған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай жеңіліп қалды (0:8). Талғат Байсуфиновтің ойыншылары іріктеуді D тобындағы соңғы орынға тұрақтап, аяқтады.

Кейін Қазақстан футбол федерациясы мемлекет қаржыландыруынан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.


19 қараша 2021, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.