Атырау, 19 мамыр 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев алаңында орындықты бүлдірген оқушы қыздардың ата-аналары жазаланды

978 просмотра

Оралда 9-сыныпта оқитын қыздар қаланың бас алаңындағы орындыққа жазу жазғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздар сабақтан ертерек сұранып, саябаққа серуендеуге барған. Бірақ жолда Тұңғыш Президент алаңына кіріп, ондағы орындықтарға жазу жазған. 

"Қыздар елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзды. Полицейлер құқық бұзушыларды бейнежазба арқылы анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ата-аналарға қатысты "Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - деді ведомство өкілдері. 

Оған қоса, ата-аналар бүлінген мүлікті қалпына келтірді.

"Сондай-ақ, заңды өкілдер балаларымен бірге бүлінген орындықты жууға мәжбүр болды. Полиция департаменті барлық тұрғыннан қаланы абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауды сұрайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар жасаған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкілдеріне жүктелетінін ескертеді және ата-аналарға жасөспірімдерді тәрбиелеуде ерекше назар аударуға кеңес береді", - деді полицейлер. 
18 қазан 2021, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.