Атырау, 18 мамыр 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда 54 миллион теңгені иемденген экс-шенеунік сотталды

1 628 просмотра

Атырауда №2 сот Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Колбаеваға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Шенеунік 2015 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта қызмет бабын пайдаланып, серіктесімен бірге 111 миллион теңге жымқырған.

"Осы ақшаның 54 миллионын Колбаева, қалғанын серіктесі алған. Олар өздеріне заңсыз жалақы алу арқылы қылмыс жасады. Колбаева ақшаны өзінің банк картасына, сондай-ақ, анасының картасына аударған", - делінген іс материалдарында.

Сот тергеуі барысында әйел өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірген. Ол тергеуде белсенділік танытып, қаражатты толығымен қайтарды. Үкім шығару кезінде сот сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін де ескерді.

Экс-шенеунік кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіз қылмыстық-түзету мекемесінде жазасын өтеп, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталушының балалары болуына байланысты сот жазаны бес жылға кейінге қалдыруға шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым жасалуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда мәдени-демалыс орталығының басшысы мекемеге бөлінген 40 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

13 қазан 2021, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.