Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ай емес, апта сайын қымбаттауда": Елімізде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

1 017 просмотра

Елімізде азық-түлік бағасы ай емес, апта сайын көтеріліп жатыр. Ал жаңа жылдан бастап жұмыртқаның түйірі 70 теңгеге жетеді деген болжам бар. Себебі, 2022 жылы әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия мүлде алынып тасталуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қазірдің өзінде бес бірдей ірі құс фабрикасы бар Ақмола облысында 10 дана жұмыртқа 360-тан 550 теңгеге бір-ақ жеткен. Атырау облысында ұн, сұйық май мен қарақұмық бағасы шарықтаған. Азық-түлік бағасының бұлай тоқтаусыз өсуі инфляцияға да кері әсерін тигізді. Өткен айдың өзінде оның деңгейі 8,9 пайызды құраған. 

Атырау облысында да азық-түлік бағасын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Орталық базарда көтерме бағамен сауда жасайтындар отандық өнімдер өте қымбат дейді. Сондықтан олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті Ресейден әкеліп сату тиімді екенін алға тартып отыр. 

 Вице-министр Қазақстанда қанша дизель отыны қалғанын айтты Ал әкімдіктегілер тек 19 түрлі тағамның бағасын бақылау қолымыздан келеді деп ақталды. Апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеден де жұрт күдер үзген. Айталық, соңғы жарты айда сұйық майдың бағасы 500, ал ұн 600 теңгеге өскен. "25 келілік, мысалы 4400-ден саттық, бір ай бұрын. Қазір ол 5 мың теңгеден келіп тұр. Неге қымбат десек, қоспалары Еуропадан еуромен келеді дейді. Қазақстанда иөшек шығарылмайды, ол Ресейден әкелінеді", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Орынбасар Жанқұтов. 

Ақмола облысында да азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап барады. Күнделікті қолданылатын жұмыртқаның 10 данасы 360-тан 550 теңгеге бір-ақ жеткен. Ал Көкшетауда еттің бір келісі 2200-ден 2400 теңгеге жеткен. Сондай-ақ сары май мен сүт өнімдері де тұтынушылардың қалтасын қағып жатыр.

13 қазан 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.