Атырау, 19 мамыр 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Облыс әкімімен іссапарға шығып, мүгедек болып қалған жүргізуші көмек сұрады

1 508 просмотра

Ақтөбе облысы әкімдігінің жүргізушісі болған Әмірхан Тәшкеев көпшілікке бүгінгі жағдайын айтты. Екі жыл бұрын облыс әкімі Оңдасын Оразалинге ілесіп, іссапарға шыққан жүргізуші 1 топ мүгедегі болып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Жол апатынан кейін омыртқасы зақымданып, екі жылдан бері ем алып жатқан жүргізушіге әкімдік биыл бес қабатты үйден бір бөлмелі пәтер берген. Лифтісі жоқ үйдің бесінші қабатында тұратын бірінші топ мүгедегінің далаға кіріп шығуы мұң. Жуынатын бөлмесі де жабдықталмаған. Өзі енді ғана қозғалып, аяғын әрең басып жүрген азамат үшін жуынатын бөлмеге ванна орнатып, үйдің ішкі есіктерін салып алу қиынға соғып тұр. Оның үстіне апталдай азамат мүгедектік үшін берілетін 60 мың теңге жәрдемақыға қарап қалған. 

Ақмола облысында сапасыз жол үшін 4 шенеунік жауапқа тартылды "Осыдан екі жыл бұрын 2019 жылдың қаңтар айында облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен бірге Шалқар, Ырғыз ауданына іссапармен шыққанда жол апатына түстім. Осы уақытқа дейін жағдайымды жасап, қарасқан Оңдасын Сейілұлына алғысымды айтамын. Маған баспана берді.

 Енді осы үйдің азын-аулақ істелмей тұрған шаруалары бар. Әкімнің қасындағы көмекшілері мен қызметкерлеріне жағдайымды айтсам, бүгін-ертең деп ешқандай жағдай жасап жатқан жоқ. Бірінші топ мүгедегімін. Маған берген үйдің ваннасы, есіктері жоқ. Облыс әкімінен осы мәселені шешіп беруді сұраймын",- дейді Әмірхан Тәшкеев.  

Басшылар бұйрық шығарып, іссапар құжаттарымды дайындап берді. Облыс әкімімен іссапарға баратынымыз әр уақытта 2-3 күн бұрын көлік жүргізушілеріне хабарланады. Маған да Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлымен Ырғыз және Шалқар аудандарына іссапармен баратыным ескертілді. Сол күні дала боранды, көру деңгейі төмен, ара райының қолайсыз болуына қарамастан жолға шықтық. Қаладан полиция қызметкерлері ілесіп алып шығарды. Қарабұтақ пен Ырғыз ауданының аумағында жол апатына ұшырадым. Міне, бүгінгі жағдайым осы. Берген үйлерін дұрыстап аяқтап берсе екен деген тілегім бар еді",- деді Әмірхан Тәшкеев. 

Жүргізушінің жағдайын айтып, облыс әкімдігіне хабарласқанымызда жуынатын бөлмені жабдықтап беруге уәде берді. "Жуынатын бөлме толық жабдықталады. Бұл туралы басшылыққа хабар беремін. Негізінен ол кісі алғашында несие жауып беру туралы көмек сұрады. Демеушілер арқылы Евразия банкіндегі 780 мың теңге көлеміндегі несие жабылды. Мүгедектікке шығу туралы құжаттарын рәсімдеуге көмектестік. Әлеуметтік қызметкер тағайындалды. Екі рет тірек қимылдарын емдеуге арналған арнайы орталыққа жібердік. Қателеспесем, ол кісі биыл көктемге дейін бұрын жұмыс істеген жерінен жалақы алып келді",- деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев.


12 қазан 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.