Атырау, 19 мамыр 02:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда банк тонағандарға қатысты сот үкімі шықты

847 просмотра

Алматыда 2020 жылдың қазанында банк тонаған үш адам сотталды. Үкім Алмалы аудандық сотында маусымда жарияланған, тамызда қалалық соттың апелляциялық комиссиясы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы соттың сайтында жарияланған іс материалында үш айыпталушы бары айтылады. Алматы тұрғындары - 35 жастағы Нартай Өмірзақов, 35 жастағы Игорь Степанов және 29 жастағы Бауыржан Әбілкәрімов. Олардың әрқайсы тонау кезінде белгілі бір роль атқарған. Нартай Өмірзақов жалдамалы көлікте отырып, қауіп төнген жағдайда басқаларына ескертуі керек болған. Игорь Степанов "Бекас-12М" мылтығымен қорқытып, банк қызметкерлері мен клиенттерінің әрекетін бақылаған. Ал Бауыржан Әбілкәрімов сейфтен қомақты ақша алуы керек болған.

Ер адамдар жоспарын 2020 жылдың 15 қазанында кешке орындаған, бірақ оқиға жоспар бойынша болмады. Сотта Әбілкәрімов әйнекті сындырған кезде қолын жарақаттап, кассирдің киіміне қан тамызғанын, сондықтан оның киімін шешіп тастағанын айтты. Сонымен қатар, ол сейф бос болғанын, сондықтан кассадағы соманы алғанын мәлім етті.

Ресми мәліметтер бойынша, қарақшылар банкке 2 394 830 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Нәтижесінде, сот Әбілкәрімов пен Степановты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қарақшылық") бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

Нартай Өмірзақов та Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша да кінәлі деп танылды, бірақ оған 190-бап ("Алаяқтық") бойынша да айып тағылды. Анықталғандай, 2019 жылы риелтор болып жұмыс істеген ер адам 7 жағдайда пәтер сатып алмақ болған адамдардың қаражатын жымқырған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Жалпы алғанда, сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот Өмірзақовқа риелторлар компаниясының қызметкерлері мен сатып алушыларға келтірілген материалдық залалды қайтаруды міндеттеді.

6 қазан 2021, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.