Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы мектебінде мұғалім баланы ұрып, мазақ еткен

1 206 просмотра

Алматы қаласының тұрғыны ұлын ренжіткендерден қомақты қаржы өтеп алмақ. Оның 11 жастағы ұлы мұғалімнен зардап шеккен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Музыка сабағы кезінде педагог баланың құлағынан ұрып, артынша, анасының айтуынша, ұлын "жылаңқы қыз" деп тіл тигізген. 

Болған жайттан кейін мұғалім жұмыстан кеткен. Алайда оқушы басқа оқушылар мен мұғалімдер қудалаған. 

"Биыл баламды басқа мектепке ауыстырдық. Мұғалімді келесі күні жұмыстан шығарып жібергендіктен, әрине, сол жағдайдан кейін кейбір оқушылар мен мұғалімдер оны аңди бастаған. Мұғалімдер оны жала жапты деп, оның кесірінен мұғалім жұмыссыз қалғаны үшін айыптады", - дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланы отбасы мектепке ашулы. Олар сотқа арызданып, бес миллион теңгеден өндіріп алмақ. Жеңіске жеткен жағдайда ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ. 

Мектеп әкімшілігі мәселе шешілгеніне сенімді болған. Ал соттан келген жаңа соталды хабарлама олардың жағасын ұстатқан.  

"Біз үшін бұл күтпеген жайт болды: ешқашан қол көтеру жағдайы болмаған. Әрине, мұғалімді әрқалай ақтап алуға болады. Әділдік жағынан - біз бұл жағдайда қандай шешім қабылдау керегін сот шешетін жағдайға жеттік", - деді Жания Әубәкірова атындағы мектептің трансформациялық, әкімшілік үдерістерінің басшысы Алмас Сапарғалиев. 
6 қазан 2021, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.