Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандық ару Түркиядағы сұлулық байқауында қателіктен марапатсыз қалды

1 188 просмотра

Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өткен Miss Aura International 2021 сұлулық байқауында "Көрермен көзайымы аруы" атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ ол бірден марапатқа ие болмады. Финалдың салтанатты рәсімі кезінде ұйымдастырушылар номинациялар бойынша жеңімпаздарды шатастырып алғандықтан Лаура марапатталмай қалған.

"Финал күні мен 100 пайыз дайындығыммен көпшіліктің жүрегін жауладым, тіпті басқа елдерден келгендер мені қолдап, атымды айтып айқайлады. Қазылар алқасында адам көп болғандықтан, пікір екіге бөлінді. Марапаттау кезінде жеңімпаздарды нөмірлері бойынша шақырды. Соңында олар жеңімпаздарды шатастырғаны белгілі болды. Марапаттау сәтінде менің есімім аталмады, бірақ мен жеңетініме сенімді едім. Қатысушылар байқау әділ болмағанын айтып, мені қолдап, құшақтап жұбатты. Мен көз жасымды көрсетпедім, жеңімпаздарды құттықтаймын деп кетіп қалдым", - деді Лаура.

Келесі күні таңертең Лаураға байқаудың бас продюсері және ұйымдастырушысы Аднан Шекер "Көрермен көзайымы аруы" атағын және ақшалай сыйлықты жеңіп алғаны туралы хабарлаған.

"Мен шошып кеттім. Бірақ олар марапаттау сәтінде басқа қатысушының атын атағандықтан, оны өзгерте алмады және сол күйінде қалды. Өйткені марапаттау тікелей эфирде болды. Бұл байқау тарихында ешқашан болған емес", - деді ол.

 

5 қазан 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.