Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дөңгелекті ванна: колонияда сотталғандар арасында жарыс ұйымдастырылды

892 просмотра

Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде сотталғандар үшін қолдан жасалған арбалармен жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, ұйымдастырушылар жарыс арқылы сотталғандар арасында бос уақытында спорттың әр түрін өткізу үшін осындай шешім қабылдады. АК-159/17 колониясында жарыс бірінші мәрте ұйымдастырылды. 

"Бірінші жарысқа екі отряд қатысты. Мекеме әкімшілігінің қолдауымен қамаудағыларға жарыс машиналарының құрылысына, оның ішінде ваннаға арналған түрлі материалдар берілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. 

Команда бес адамнан тұрды. Әрқайсысы кезекпен рөлге отырып, ал қалған қатысушылар жылдамдықты арттырып, арбаны итеріп отырған. Ең алыс қашықтыққа жеткен команда жеңіске жетті.

АК-159/17 мекемесі басшысының орынбасары Азат Сыздықов байқауға қатысушылардың қиялы шектелмейтінін айтты. Колония қызметкерлерінің бірі арба жасау үшін ванна әкелген. Ол жөндеуден кейін қажетсіз болып қалды.

"Бұл байқау сотталғандардың шығармашылығын дамытуға, бірігуіне оң әсер етеді", - деді Азат Сыздықов.

Қарағандылық департамент сотталғандар байқаудың жыл сайын өткізілуін қалайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында дәл осы колонияда биіктігі бес метр аққала жасалды. Биыл сотталғандар рекорд орнатып, одан да үлкен, кем дегенде 10-12 метрлік аққала жасауды жоспарлап отыр.

Ал мекеме психологтары сотталғандарға ерекше арт-терапия қолданады. Олар тұтқындарға тоқыма тоқуды үйретеді.


5 қазан 2021, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.