Атырау, 19 мамыр 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңаөзендегі жұмыскерлердің шуы: Үкімет мәселені қалай шешетінін айтты

943 просмотра

"Маңғыстау облысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін үш модульдік өрт сөндіру бөлімін салу, сондай-ақ "Қауіпсіз қала" жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласында еңбек жанжалы туындаған жағдайда жылдам шешім қабылдау үшін ведомствоаралық штаб құрылады”, - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында. 

Жоспардағы бірқатар ісшаралар аймақтың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Соның ішінде, "Қошқар-Ата" су қоймасы қайта қалпына келтіріліп, тығыз тұрмыстық қалдықтарға арналған төрт полигон салынады. 

Қабылданған құжат аясында тұрғын үй мәселесі шешіліп, жол, зауыттар мен Ақтау әуежайының жаңа терминалы, "Құрық" портында теңіз терминалын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2021-2025 жылдары аралығында үкімет басындағылар апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептерді жауып, жаңа ауруханалар мен емханалар салып, облыстың туристік әлеуетін дамытуға уәде берді. 

"Аталмыш шараларды іске асыру негізінде 2025 жылы аймақтың аймақтық жалпы өнімі 32%, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 43,3% көтерілуі қамтамасыз етіледі. Ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ға өсіп, халықтың нақты табысы 40,3%-ға дейін көтеріледі. Тұрғындардың медициналық көмекке қанағаттануы 80,7% болып, жолдардың жағдайы 100% көтеріледі. 60 мың жаңа жұмыс орыны пайда болады. Сонымен қатар бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үй көлемі 27,2 шаршы метрге дейін көбейіп, мектептердегі үш ауысымдық жүйе жойылады", - деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі.
2021-2025 жылдарға арналған Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспары 214 іс-шараны қамтиды. Жалпы инвестиция көлемі 2,1 трлн теңгені құрайды, оның 1,6 трлн – жеке.

Еске сала кетейік биылғы жылдың 22 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жиын өткізген еді. Президент жылдам шешілуі керек бірқатар мәселелерді көрсеткен. Соның ішінде ел басшысы аймақтағы еңбек жанжалын ерекше атаған. 

Еске салсақ, бұған дейін  Маңғыстауда 700-ден астам жұмысшының бас көтергені айтылған еді.  

stan.kz

5 қазан 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.