Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққы көрген

997 просмотра

Алматыда сот орындаушысы ғимаратты бұзу кезінде соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кетті. Кадрдан аулада тұрған ересек ер адам мен екі полиция қызметкерін және бірнеше тұрғынды көруге болады. Бір мезетте оған ер адамдардың бірі келіп, бүйрек тұсынан соққы берді.

Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасынының хабарына қарағанда, оқиға 4 қазанда болған. Зардап шеккен қызметкер нысанды бұзу кезінде соққы көрген.

"Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысқан. Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазды", - деді Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасы.


5 қазан 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.