Атырау, 19 мамыр 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты

1 241 просмотра

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары қазіргі уақытта Youtube пен Telegram желілері істеп тұрғанын ғана жазып жатыр.

Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.

4 қазан 2021, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.