Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

1 518 просмотра

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

King Choice веб-сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде Димаш Құдайберген 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орында 8 197 975 дауыс жинаған оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин. Үшінші орынға тағы бір оңтүстіккореялық әнші Чха Ын У (1 918 514 дауыс) ие болды.

Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, тізімде Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

Айта кетейік, 2020 жылы Димаш Құдайберген тәуелсіз сұлулық сыншылары TC Candler 100 тізімінде жылдың ең сымбатты адамы атағына ұсынылған болатын.

1 қазан 2021, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.