Атырау, 18 мамыр 22:23
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда 4000-ға жуық ит пен мысық піштіріледі

1 465 просмотра

Алматы қалалық әкімдігі 2021-2024 жылдар аралығында төрт мыңға жуық ит пен мысықты тегін заласыздандырып, кастрациялайды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Үй жануарларын тегін піштіру 1 қазанда басталып осы жылдың аяғына дейін жалғасады. Қаланың кез келген тұрғыны иті мен мысығын стерилизациядан өткізіп, кастрациялай алады.

Бағдарламаға қатысу үшін жануарлардың иелері жеке куәлік және ветеринариялық төлқұжат пен чипті көрсетуі қажет. Соңғысы болмаған жағдайда, құжатты сол жерде (иесі есебінен) рәсімдеуге болады, — дейді әкімдіктегілер.

Залалсыздандырудан өтетін ит пен мысықтың жасы 7 айдан 9 жасқа дейін болуы керек. Ал 6 айдан 9 жасқа дейінгі жануарлар піштіріледі. Барлық емдеу шаралары үй жануарлары иелерінің келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.

Express Qazaqstan осыған дейін Атырауда ит пен мысықтардың өлекселерін өртеуге 3 млн теңге бөлінгенін хабарлаған болатын. Бұл тендер жергілікті табиғат қорғаушыларының наразылығын тудырды.

1 қазан 2021, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.