Атырау, 5 мамыр 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Иманбек GQ нұсқасы бойынша "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды

1 561 просмотра

Қазақстандық диджей Иманбек GQ Russia журналы жыл сайын өткізетін премияда "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған.

"Grammy сыйлығы, аудио-платформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық компаниялармен келісім-шарт. Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегін өңдеп, танымал болған жас қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екеніне сенеміз", - деп жазды басылымы.

Instagram / imanbekmusic

Рэп орындаушы Feduk "Жыл музыканты", ресейлік театр және кино актері Иван Янковский - "Жыл актері", ал жазушы Дмитрий Глуховский - "Жыл авторы" атанды. Кәсіпкер және "Додо пицца" негізін қалаушы Федор Овчинников "Жыл кәсіпкері", актер және кинорежиссер Данила Козловский "Жыл режиссері" атанды.

17 қыркүйек 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.