Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қорғаныс министрі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Бейнежазба
1 286 просмотра

26 тамыз кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Жұма күні билік жарылыстан 4 адам қаза тауып, 60-тан астам адам зардап шеккенін, бірнеше кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететіні туралы өтініш беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.


Азаттық тілшісінің "Бұл сіз министр болып тұрған кездегі екінші жарылыс қой. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде сіз жайлы "отставкаға кетсін" деген талаптар айтылып жатыр. Оған не деп жауап бересіз?" деген сұрағына Нұрлан Ермекбаев: "Менің қазіргі басты мақсатым - тез арада апат салдарын жою. Ал отставка мәселесі туралы айтар болсақ, мен осы [жарылыс болғаны туралы] хабарды естігеннен кейін бірінші минутта отставкаға кетуді сұрап өтініш беремін деген шешім қабылдадым. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді" деп жауап берген.

27 тамыз 2021, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.