Атырау, 18 мамыр 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әскери бөлімдегі жарылысқа кінәлілер неше жылға сотталуы мүмкін?

1 806 просмотра

ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыс дерегі бойыншы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті, деп хабарлайды ЭК.

Қылмыстық іс әзірге ҚР ҚК 462-бабымен (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) қозғалды. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми мәлімет дайын болғаннан соң, қылмыстық істің сол 462-баптың қай бөлімімен жалғасатындығы белгілі болады. Сондай-ақ тағы да бірнеше баптармен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қару-жарақпен жұмыс істеу қағидалары бұзылғаны расталып, салдарынан адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келіп, әскери мүлік жойылып, өзге де ауыр зардаптар болса, кінәлілер 2000 айлық есептік көрсеткішке (5 млн 834 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл төлеп немесе екі жылға дейін бас бостандығы шектеліп, тіпті түрмеге қамалуы мүмкін.

Егер бір адам қаза тапса кінәлілер бес жылға дейін, екі немесе одан да көп адам шығыны болса бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2019 жылы Арыс қаласындағы әскери бөлімде болған жарылысқа қатысты 16 адам сотталғанын еске сала кетейік. Сот 16 адамның 12-сіне 4-10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап , төртеу 4-7 жыл аралығында шартты мерзімге сотталды. Сотталғандардың арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары да бар. Оларға ҚР ҚК 281-бабымен (Жарылыс қаупi бар нысандарда қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) және ҚР ҚК 371-бабы (Немқұрайлық) бойынша айыптар тағылған болатын.

27 тамыз 2021, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.