Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мектепте "Домбыра" деген бөлек пән болмайды

2 140 просмотра

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді.

Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте "Домбыра тартуды үйрену" атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 6 сыныптарға оқытылатын "Музыка" пәнінің мазмұны.

Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, осы сынып оқушылары "Музыка" пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.

Бұған дейін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова "мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетін болады", деген. Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өткен. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады, деп еді.

26 тамыз 2021, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.