Атырау, 18 мамыр 17:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Рудныйда жетімдер үйінде оқушы қыз зорланды

1 342 просмотра

Рудныйда балалар үйінде кәмелетке толмаған қыз зорланды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай қалалық полициясы 1978 жылғы ер адамның балалар үйінің тәрбиеленушісі - кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Ол тұтқындалды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды.

Зардап шеккен қызға психологтар көмекке тартылды.

Кәмелетке толмаған қызға әлеуметтік психологиялық оңалту орталығындағы білікті психологтар көмектеседі. Психологтардың мобильді тобы жүргізген іс-шаралар нәтижесінде басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері ашылған жоқ, - делінген Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының хабарламасында.

Бұл мәселе облыстық білім басқармасының ерекше бақылауында екені айтылады.

26 тамыз 2021, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.