Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жаңа толқын - 2021" байқауы: Mezzo тобы төртінші орынға ие болды

Бейнежазба
1 225 просмотра

Қазақстандық Mezzo тобы "Жаңа толқын - 2021" музыкалық байқауында төртінші орынды иеленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарыстың басты жеңімпазы Армения өкілі Саро Геворгян атанды.

Айта кетсек, Mezzo тобы құрамында Асан Нұрбергенов, Жәнібек Сейдахметов, Жасұлан Садықов және Мейірхан Жантурғанов сынды вокалды әншілер бар.

Байқауда олар Mariah Carey-дің "Without you", Батырхан Шүкеновтің "Дождь" және "Махаббат" әндерін орындады.


Биылғы жылы байқау 19-25 тамызда Сочиде өтті, көрермендерге жартылай залға рұқсат етілді, ал залдың жалпы сыйымдылығы - 2,8 мың орын. Жүлде қоры - 7 миллион рубль.

Байқауға тоғыз елдің 11 өнерпазы мен топтары қатысты: Қазақстан, Италия, Ресей, Армения, Австралия, Беларусь, Грузия, Болгария, Испания.

2012 жылы Mezzo тобы еліміздегі X - Factor жобасына қатысып, екінші орын алған еді.

26 тамыз 2021, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.