Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақ мектебінде домбыра тартуды үйрету сабағын енгізу ұсынылды

1 649 просмотра
Cурет: kopilkaurokov.ru

Енді мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетін болады, - деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өтті. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады.

Ұлттық құндылықтар - өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қоймай, оған жан-тәнімен берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды қалыптастырып, соған арқа сүйеуіміз керек. Бірақ бұл барлығы осы пәнді оқуға жаппай, тезірек көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады, - деді Алмагүл Мұхамедханова елордадағы білім беру жөніндегі тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл әсіресе қазақ тілді сыныптарға қатысты.

25 тамыз 2021, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.