Атырау, 18 мамыр 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Грузия мен Әзербайжаннан автокөлік сатып алу салдары қандай?

1 871 просмотра

Қазақстанда ел аумағына жеке пайдалану үшін шетелдік автокөліктерді уақытша әкелу жағдайы жиілеп кетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, негізінен бұл көліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бақылау-өткізу бекеттері арқылы уақытша әкелінеді, олар мәртебесі бойынша шетелдік тауар (яғни, олар ЕАЭО тауары емес) және кеден бақылауында.

ЕАЭО Кеден кодексінің 264-бабы 6-тармағы мен 275-бабы 2-тармағына сәйкес, уақытша елге кіргізілген көлік құралдары декларанттың, яғни тасымалдаған тұлғаның нақты иелігінде және ЕАЭО кеден аумағында пайалануда болуы тиіс. 

Алайда, кедендік ресімнен өтпестен және кедендік баж бен салық төлемей, Қазақстан Республикасында жеке пайдалануға арналған уақытша автокөліктерді мемлекеттік тіркеу дерегі жиі анықталады.

"Сонымен, шетелдік автокөліктер жеке пайдалануға импортталғаннан кейін, көлік құралын әкелген шетелдік белгілі бір уақыттан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан (негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары) кетеді.
Яғни, бұл автокөліктер ЕАЭО аумағына кедендік баж бен салық төлемей-ақ қазақстандыққа беру және Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу мақсатында өткізілген деп болжауға негіз береді", - деді комитет өкілі.

Қазіргі уақытта комитет кедендік баж бен салықты төлемей Қазақстанда тіркелген 156 автокөлікті анықтаған.

"Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның барлық азаматына уақытша әкелінген автокөліктерді алуға, сондай-ақ мұндай көлік құралдарын Қазақстанда жүргізуге болатынын, тек кедендік ресімдеуден өткеннен кейін және сәйкесінше төлем жасалғаннан кейін ғана мүмкін болатынын хабарлайды", - деп қосты департаменттегілер.

Айта кетейік, бұған дейін жеке тұлғалардың жеке қажеттілігі үшін шетелден уақытша әкелінген автокөлік иелері көлікті 30 қыркүйекке дейін тіркеуі тиіс екені хабарланған болатын. Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бұл талаптың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген көліктерге қатысы жоқ екенін айтты.

24 тамыз 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.