Атырау, 18 мамыр 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жариялады

1 557 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясы бойынша қараша айына дейін жаңарған эпидемиологиялық болжамды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.  

"Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.

Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.

24 тамыз 2021, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.