Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ТЖМ "ауған босқындарының келуіне дайындық" туралы құжатты түсіндірді

1 752 просмотра

Желіде Қазақстанға мыңдаған ауған босқыны келуіне дайындық туралы құжат тарап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатта Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдігі "босқындарды орналастыратын орындар туралы ақпарат беруі тиіс" делінген.


Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дайындық жұмыстары. Егер бізге басқа елдерден қандай да бір өтініш келіп түссе және мемлекет басшылары деңгейінде осы елге көмек көрсету туралы шешім қабылданса, онда ТЖМ босқындарды қабылдауға дайын болуы керек. Бұл сол жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған түзетулер.
Мұны Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға дайындық деуге болмайды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Бұған дейін WhatsApp пен әлеуметтік желілерде Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар келеді деген қауесет тараған болатын. Ақорда, Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

21 тамыз 2021, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.