Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне виза бойынша қолдау көрсетіледі

967 просмотра

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне виза бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауған студенті білім алып жатыр. Білім және ғылым министрлігі олардың бәрі демалыс кезінде Ауғанстанға қайтқанын мәлім етті.

"Қазақстандық тарап меморандум бойынша грант алған ауған азаматтарына виза бойынша қолдау көрсетуге дайын. Елге оралғаннан кейін олар гранттар мен шәкіртақыларды сақтай отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда елшілік қызметкерлерінен басқа Қазақстан азаматтары қалмағанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан 70 мың босқынды қабылдауға дайын екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

16 тамыз 2021, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.