Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚР СІМ Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы ақпаратты жоққа шығарды

1 011 просмотра

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен. Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды. – Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз»,-делінген хабарламада.

16 тамыз 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.