Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Таразэнергоцентр» АҚ-да 2,2 млрд. теңгені жымқыру және тарифті негізсіз өсіру дерегі анықталды

1 094 просмотра

Қаржылық мониторинг агенттігі «Таразэнергоцентр» АҚ-ның басшылығына қатысты жабдықты жөндеуге жалған жұмсалған 2,2 млрд.теңгені жымқыру дерегі бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңын бұзу қосымша деректерді анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Акционерлік қоғам 2022-2026 жылдары жылу энергиясы құнының тарифтерін тұрғындарға 2 есеге, бюджеттік ұйымдарға 3,6 есеге және заңды тұлғаларға 3,2 есеге арттырмақ болған.

Монополист тарифтердің көтерілуін ЖЭО-4 жабдығын жөндеуге жұмсалған шығындардың ұлғаюымен түсіндірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Акционерлік қоғамның тарифтерді ұлғайту туралы өтінімін Жамбыл облысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдамай, сол арқылы облыс тұтынушыларының шектелмеген тобының құқықтары қорғалып қалды.

ҚР ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

6 тамыз 2021, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.