Атырау, 18 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды

1 708 просмотра

Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды.

Есепке қою кезінде автоХҚО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүргізе алмай отыр – кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.

Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалондардан сатып алатын жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпараттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз, – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қызметінің жандануы туралы клиенттерге қосымша хабарланатын болады.

5 тамыз 2021, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.