Атырау, 18 мамыр 09:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті

1 175 просмотра
Сурет:olympic.kz

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асәділов жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы франциялық Стивен да Костамен күш сынасты. 2:5 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы финалға жолдама ала алмады. Осылайша, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, Асәділов топтық кезеңдегі төрт қарсыласын да жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шыққан болатын. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.  

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жетінші медалін жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев та қола жүлде еншілеген.  

5 тамыз 2021, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.