Атырау, 18 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қамшыбек Қоңқабаев қола медальға ие болды

1 078 просмотра

Токио Олимпиадасында аса ауыр салмақта шаршы алаңға көтерілген Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда америкалық Ричард Торрестен техникалық нокаутпен жеңіліп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоңқабаев осылайша Олимпиаданы қола медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасының капитаны бірінші раундта 1:4 есебімен ұтылды. Екінші раундта тіпті 0:5 есебімен ұтылып, нокдаунға түсті. Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрны жарылып, жекпе-жек тоқтатылды.

Бұл Қазақстан спортшыларының Токиодағы төртінші жүлдесі. Төртеуі де қола медаль.

4 тамыз 2021, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.