Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мамин әкімдер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді

1 418 просмотра

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Дельта штаммның" таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Республикамызда аурушаңдық деңгейі айтарлықтай өсті. Ауруханадағы төсек-орындардың науқастарға толу деңгейі 56%, жан сақтау бөлімінде - 44%, - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин вакциналау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 4 миллион адам екіншісін алды.

Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын жүргізуде, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Барлық қабылданған карантиндік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін Ashyq жобасы кәсіпкерлерге карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр.

Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ауруханалардың, екпе пункттерінің, мобильді топтардың, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай -ақ, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік-санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын арттыруды тапсырылды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың оптимистік болжам бойынша дамып келе жатқанын айтқан болатын.

3 тамыз 2021, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.