Атырау, 18 мамыр 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын қай елде сақтайды?

1 287 просмотра

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын көбіне Сингапурде сақтайды. Ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алғанды жөн көреді. Биыл Кіріс және мүлік декларациясын 465 мың жеке тұлға тапсырған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, соған теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары бар. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, табысын жария еткендердің 117-сінде әлемнің 29 елінде есепшоты бар. Басым бөлігі Сингапурде ашылған. Мұнда отандастарымыздың 952 млн теңгеден аса қаржысы сақтаулы. 

Лихтенштейн княздігіде 400 млн-нан аса, Ресейдегі банктерде 500 млн жуық қаражат жатыр. Сондай-ақ сырт мемлекеттерде қазақстандық шенеуніктердің атына 221 жылжымайтын мүлік тіркелген. Оның 90%-ке жуығы Ресейде. Бір қызығы, мемлекеттік қызметшілердің өз елімізде қандай мүлкі бары белгісіз. «Оны жариялау туралы декларацияда талап жоқ», - дейді комитет өкілдері.

29 шілде 2021, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.