Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 5 пайызға қымбаттады

1 103 просмотра

Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Дәрі-дәрмек 2021 жылғы маусымда былтырғымен салыстырғанда 4,8 пайызға қымбаттаған. Баға Маңғыстау облысында едәуір өскен - бірден 18,6 пайызға, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда (10,9 пайыз) және Ақмола облысында (10 пайыз) өсім байқалады.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 99,3 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек өндірілген. Өндірістің нақты өсімі бір жыл ішінде 31,2 пайызды құрады.

Ең көп дәрі Қарағанды облысында өндірілді. Өндіріс 40,5 миллиард теңге болған. Былтыр бұл көрсеткіш 9,8 миллиард болған еді. Бұл ішінара "Спутник V" вакцинасының өндірісіне байланысты. Дәрі-дәрмек шығару бойынша ең үлкен үлес Шымкент, Алматы облысы және Алматыға тиесілі.

Дәрі-дәрмек өндірісі бірінші жартыжылдықта 61,1 пайызға артып, 88,7 миллиардқа жетті.

Басқа елдерден Қазақстанға жыл басынан мамырға дейін 9,7 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 22,3 пайызға аз. Ақша түрінде импорт 431,9 миллион долларды құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттауы мүмкін, себебі билік баға реттелетін дәрі-дәрмек тізімін қысқартуға ниетті екені хабарланған болатын.

26 шілде 2021, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.