Атырау, 19 мамыр 20:11
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

1 719 просмотра

Мейрам Пішембаев Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - делінген Қазақстан машина жасаушылар одағының хабарламасында.

Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы 1959 жылы 29 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2004 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы болып келеді.

2013 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП Президиумы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007 жылдан 2021 жылға дейін IV, V, VI шақырылымдардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

"Достық", "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталған.

15 маусым 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.