Атырау, 19 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан кезінде оқушылардың көзі зақымданған

1 899 просмотра

Елордада оқушылар емтихан кезінде қосулы кварц астында отырған, 4 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Назарбаев Зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсыруы кезінде болған. Сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам өшірілмей қалған. 

«Кварц астында отырғаннан кейін денсаулығына шағымданған оқушылар жедел жәрдем көлігімен елорданың №2 көбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 2004 жылы дүниеге келген 3 бала және 2005 жылғы бір бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін бейінді мамандардың тексеруінен өтті, толық медициалық қарау жүргізілді. Олардың барлығының да жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар 4 баланы да тексергеннен кейін тұрғылықты жерлері бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберді», - деді аталған жайтқа орай Нұр-Сұлтан Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.





8 маусым 2021, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.