Атырау, 19 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Путин Маминді Достық орденімен марапаттады

1 945 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын", - делінген жарлықта.

Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ты басқарған.

8 маусым 2021, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.