Атырау, 20 мамыр 01:38
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

1 933 просмотра

Өткен тәулікте еліміз бойынша 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғы статистикамен салыстырғанда көрсеткіш әлдеқайда жақсарғанын көрсетеді, деп хабарлайды Sputnik. 

Қазақстанда Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша матрицаны жаңартты.

Соған сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа ауысты.

Қазір ел бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы қалды.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облысы тұр.

"Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

7 маусым 2021, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.