Атырау, 20 мамыр 01:38
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін

3 675 просмотра

Қазақстанда жаңа салынған пәтерлер 25-30%-ке қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің алаңында өткен шұғыл жиналыста бағаның не себепті өсуі мүмкін екені айтылды.

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева құрылыс материалдарының бағасы күрт өскенін мәлімдеді.

Құрылысшылардың ақпаратынша, наурыз-сәуірде арматура тоннасына 198 мыңнан 430-480 мың теңгеге, цемент 16,5 мыңнан 32 мың теңгеге дейін, кірпіш, газоблок, қадалар 30-60%-ке, битум 45-60%-ке қымбаттады.

Осыған байланысты үйлердің бағасы 25-30%-ке өсуі мүмкін, деді Якупбаева құрылыс ұйымдарының есептеулеріне сілтеме жасап.

Енді нысандардың құрылысын қалай аяқтау мәселесі туындап отыр, деп жазды ол Facebook-те.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында шаршы метр бағасы шектеулі, мемлекеттік сатып алу нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтті, деп түсіндірді Якупбаева.

Оның айтуынша, елде бағаның күрт өсуін дер кезінде бақылауға алуға мүмкіндік беретін құрылыс материалдары бағасының цифрлық реестрі жоқ.

Бұрынғы бағамен көрсетілген ескі жобалық-сметалық құжаттама, кадрлық дисбаланс та өзекті проблемалардың бірі, деп жазды Якупбаева.

"Жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемалармен салыстырғанда, "құрылысты арзандатудағы жеңіс – теңізге тамған тамшыдай. Бұған тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларын қысқарту жоспары да қосылады. Бұған қоса, кредит мөлшерлемесі де нарықтағы деңгейге дейін өседі", - деді ол.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті есептеулер мен ұсыныстарды әзірлеп, үкіметке жолдайды.

3 маусым 2021, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.