Атырау, 20 мамыр 01:14
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Маңғыстауда құр сүйегі қалған жылқылардың суреті жарияланды

Сурет
4 274 просмотра
Сурет: facebook.com/torekenov.torekenov

Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

"Қазіргі таңда мал шаруашылығының ахуалы мәз емес. Қыр үсті босып жүрген бір шаруа, жайылымға жақсы жер, құдық іздеп шаңытып жүрген көліктер. Жақында Ақшымырау 3-4 айғайынды жігіт жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді. Жүрмей қалған жылқыларын кезек-кезек тиеп алдына әкеп тастап су беріп тынықтырып, он шақырым алдына әкеп тастайды. Қайтып барғанша тағы төрт бесеуі сондай жағдайда, оны тағы әкеп тастап тынықтырып зорға жетті", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары биліктен бұл мәселеге назар аударуды сұрады, өйткені құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығы үшін ауыр зардапқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

2 маусым 2021, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.