Атырау, 19 мамыр 22:13
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шарын шатқалындағы трагедия: ТЖ министрлігі сел туралы неге ескертпеді

2 003 просмотра

ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Шарын шатқалында екі адамның өліміне әкеп соққан жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шарын шатқалы мен оның ойпаттары сел қаупі бар аумаққа жатпайтынын түсінуіміз керек. Бұл күндері "Қазгидрометтен" Алматы мен Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне қандай да бір сел тасқыны туралы дабылды ескерту келіп түскен жоқ", - деді Сыздықов баспасөз мәслихатында.

Ол шатқалда сел емес, нөсер жауын салдарынан су мен балшық ағыны түзілгенін түсіндірді.

Сондай-ақ Сыздықов куәгерлердің ұялы байланыс ұстамағандықтан құтқарушыларға хабар бере алмағаны туралы ақпаратына түсініктеме берді.

"Иә, бізде таулы жерде ұялы байланыс бүкіл жерде ұстамайды. Туристерді міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, бұл жағын туроператор ойластыруы керек еді", - деді ол.

БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, экскурсия ұйымдастырумен "Раджаби" ЖШС туристік агенттігі айналысқан.

Шарындағы қайғылы оқиға

29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.

Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.

31 мамыр 2021, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.