Атырау, 19 мамыр 20:04
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Отбасы банк" шығындары неге 1,5 миллиард теңгеге артқанын түсіндірді

1 795 просмотра

"Отбасы банк" АҚ пандемия кезінде әкімшілік шығындар неге 1,5 миллиард теңгеге артқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін банк 2020 жылға арналған қаржылық есеп жариялады. Онда әкімшілік шығындар 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 миллиард теңгеге ұлғайғанын көруге болады.

"Отбасы банк" мұны жаңа қызметкерлердің жұмысқа қабылдануымен түсіндірді, олар 2019 жылдың екінші жартысы мен 2020 жылы жұмысқа алынған екен. 

Сонымен қатар, банк өкілдері кеңсе тауарларына шығын артқанын айтты.

"2019 жылы 2020 жылдағыдай кеңсе және типографиялық қызметтерге шығындар 18 пайызға өсті, бұл банк қызметінің өсуіне байланысты. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы берілген қарыздар көлемі 15,5 пайызға немесе 82 миллиард теңгеге (527 миллиард теңгеден 609 миллиард теңгеге дейін) өсті; жаңа шарттардың саны 19 пайызға немесе 79 мыңға (407 мыңнан 486 мың бірлікке дейін) өсті", - деді банк өкілдері.



24 мамыр 2021, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.