Атырау, 19 мамыр 19:16
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев СҚО-дағы сапасыз үйлер мәселесіне назар аударды

1 607 просмотра

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады, делінген жазбада.


24 мамыр 2021, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.