Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылу себебі аталды

2 630 просмотра

Еліміздің Каспий аумағындағы итбалықтарға төніп тұрған қауіп жоқ. Естеріңізіге сала кетейік, мамырдың 18-19 жұлдызында Каспий теңізінің ресейлік секторында теңіз жануарларының жаппай қырылу дерегі тіркелген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейліктер 170 итбалық өлексесін жағаға шығарған. Осыған орай қазақстандық ихтиолог-мамандар ортақ теңіздің тірі табиғатына қатысты жаңа мәлімет жариялады. Каспий қайраңында мұнай өндіріп жатқан компанияның қолдауымен 3 жыл сайын итбалық санағы өткізіліп отырады. Соңғы есептеулер бойынша Каспийдің қазақстандық аумағында 280-350 мыңдай итбалық мекендейтіні анықталған. Яғни соңғы он жылда теңіз мақұлығының саны 3 есеге артып отыр. Санақ арнайы ұшақтың көмегімен қаңтар-ақпан айларында жүргізіледі. Бұл – теңіз мақұлығының мұзды аралдарға жиналып, күшіктеп көбейетін маусымы.  

Сағиден Ербөлеков, теңіз биологы: 

– Каспий теңізінің ресейлік секторындағы итбалықтардың өлімі бойынша біз Мәскеуде орналасқан ресейлік мамандандырылған ғылыми-зерттеу институты мамандарымен хабарластық. Олардың деректері бойынша бұл итбалықтардың өлімінің басты себебі балық аулау құралдарына түсіп, содан тұншығып өлген. Біз тек итбалық емес, жалпы Каспий теңізін барлық параметрі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырмыз.

21 мамыр 2021, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.