Атырау, 19 мамыр 21:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жоғары лауазымды тұлғалардың ақшасын тексеретін заң қабылданғалы жатыр

2 481 просмотра

Қаржы мониторинг агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі біздің еліміз 2021 жылы Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Қазақстан Республикасын өзара бағалауының екінші кезеңіне өтуі үшін дайындығынан туындады, делінген құжатта.

Тұжырымдаманы әзірлеушілердің айтуынша, заң жобасына енгізілген түзетулер ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға тиісті тексеру шараларын белгілеуге бағытталған (ФАТФ-тың 12-ұсынымы).

Ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға саяси функциялар сеніп тапсырылған адамдар жатады, мысалы, мемлекет немесе үкімет басшылары, саясаткерлер, жоғары үкімет, сот немесе әскери шенеуніктер, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың жетекші басшылары, квазимемлекеттік сектордың басшылары және саяси партиялар.

Осы FATF ережелеріне сәйкес, Қазақстан қандай елге жататынына қарамастан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қаржылық мониторинг жүргізуі керек, делінген есептің соңында.

Заң жобасының тұжырымдамасы "Ашық НҚА" сайтында 4 маусымға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

21 мамыр 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.