"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық рэп орындаушы 50 Cent-тің In Da Club композициясына ремикс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы ақпарат қазақстандық диджейдің Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.
Бұған дейін Иманбек ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd-пен бірге Baddest атты жаңа трек жазған болатын.
Сондай-ақ, қазақстандық диджей Morgenstern және Fetty Wap-пен трек шығарды. Ән Leck деп аталады.
Еске салайық, Imanbek ресейлік Forbes және "По студиям" YouTube-арнасына сұхбат берді. Оның Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. Кейін қазақстандық диджей "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болып, өзі және жоспары туралы айтып берді.
Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысында (Ақсу) теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыканың жаңа қырын өзі үйренген.